Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы

    Федоров ауданы тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 4 маусымда сағат 15.00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Отырыста мынадай мәселелер қаралатын болады:

    1. Жаркөл станциясының жұмысы, жақын арадағы болашағы.
    2. Ауданда автобус қозғалысын ұйымдастыру туралы.
    3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және оларға құрметпен қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы.
    4. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік сала объектілерін бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы.
    5. «Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мәселесі бойынша 2026 жылдың 5 айы ішіндегі мониторинг қорытындысы.

    Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер [email protected] электрондық жекенжайға немесе 21-6-74 телефоны арқылы жіберілсін.

    Федоров ауданы

    Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары