Таразда жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған BMW автокөлігі айыптұраққа қойылды

    🚘 Таразда жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған BMW автокөлігі айыптұраққа қойылды

    📹 Жол қозғалысын бақылау барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған BMW 540 маркалы автокөлікті анықтады.

    🚔 Көлік Жамбыл даңғылында тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің автокөлікті алдыңғы әйнектерін күңгірттеп басқарғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар көлік құралы міндетті техникалық байқаудан өтпеген.

    ⚖️ Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.

    🚨 Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады. Жол қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігі мен өзге жол қозғалысына қатысушыларға деген құрметінен басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары