2026 жылғы 20 қарашада Ақжар ауданы әкімі аппаратының үлкен залында аудан әкімі Нұрлан Зарапұлы Телтаевтың төрағалық етуімен ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аудандық қызметтердің қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, «Солтүстік» аудандық спартакиадасына дайындық және оны өткізу барысы, сондай-ақ хоккей корттарының қысқы маусымға дайындығы және оларды құю бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы ақпарат тыңдалды. Аталған мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амангелді Әпенов баяндады.
2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша KPI көрсеткіштеріне қол жеткізуге және ағымдағы жылдың соңына дейін күтілетін нәтижелерге ерекше назар аударылды. Экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арай Малғаждарова баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








