2026 жылдың 27 қараша күні Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай кентінде «KAZMineralz Aktogay»ЖШС-нің демеушілігімен 800 орындық стадионның ашулы салтанаты өтті. Бұл- кент тұрғындары, әсіресе жас ұрпақ үшін үлкен қуаныш, әрі спортты дамыту жолындағы маңызды қадам. Жаңа стадионның ашылуы-бұқаралық спортты насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретін игі бастама. Салтанатты шараға аудан әкімі А.Нұғымаров арнайы қатысып, жиналған қауымға құттықтау лебіз айтып, жаңа спорт нысанының ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді. Шараның көркін аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы аша түсті. Ашылу салтанатынан соң өнерпаздар мәдениет үйінің сахнасында кент тұрғындарына кеш ұсынды. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге ұласқан мерекелік кеш тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Жаңа стадион Ақтоғай кентінің спорттық өміріне серпін беріп, болашақ чемптондардың қанат қағуына жол ашады деп сенеміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





