Баспасөз аңдатпасы

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    2026 жылғы 2 желтоқсанда10:00 сағ., 14:00 сағ., және 16:00 сағ.БЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында өтетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырады.

    Іс-шара тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол».

    Кездесу барысында қатысушылар төмендегідей маңызды ақпараттармен таныса алады:

    ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты енгізілген өзгерістер;

    ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруқұралдары;

    ·инвестициялық портфельді басқарушы компанияны және инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру тәртібі;

    ·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізіп, шешім қабылдау үшін салымшыларға қолжетімді ақпарат;

    ·зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ете алатынқорғау тетіктері;

    ·зейнетақы аннуитеті, кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алады;

    ·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатындапайдалану талаптарымен шарттары.

    Негізгі күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, қатысушылар БЖЗҚ мамандарынан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

    Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз: https://enpf.webex.com/weblink/register/r94338651c1b4b2aef86ee45f5283df68

    Event-кеңес нөмірі: 2510 399 9931

    Event-кеңестің құпиясөзі: 2026

    Өткізілу уақыты: 10:00 сағ.

    Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз: https://enpf.webex.com/weblink/register/r07bad249b0422f82a9bee094763ccc16

    Event-кеңес нөмірі: 2514 025 5787

    Event-кеңестің құпиясөзі: 2026

    Өткізілу уақыты: 12:00 сағ.

    Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз: https://enpf.webex.com/weblink/register/r364b3776a7749fcadf8432f2643937ee

    Event-кеңес нөмірі: 2511 982 3959

    Event-кеңестің құпиясөзі: 2026

    Өткізілу уақыты: 14:00 сағ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Аягөз ауданының әкімдігі" жаңалықтары