1 / 2
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алып, әлемнің алты дүркін чемпионы атанды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Давид 192 келі штанганы көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Үш тәсілдің қорытындысы бойынша спортшы 573 келі нәтижеге қол жеткізіп, өзінің жоғары шеберлігі мен үздік даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Күміс және қола медальдарды 180 және 176 келі нәтижелерімен Түркия спортшылары иеленді.
Давид Дегтяревті, оның жаттықтырушылар штабын және бүкіл спорт командасын осындай зор жетістікпен құттықтаймыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









