Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен «Жамбыл жол дистанциясы» (ПЧ-51) аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық сабақ өтті.
Жаттығудың негізгі міндеті жеке құрамының ғимараттардағы шартты өртті сөндіруге дайындығын тексеру мен жаттықтыру, командалық құрам мен лауазымды тұлғалардың өрт кезіндегі міндеттерін орындау және іс-әрекеттерді басқару деңгейін пысықтау.
Өрт сөндіру бөлімдеріні өзге қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібін жүргізу.
Адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау әдістері, сондай-ақ негізгі күштер келгенге дейін қатысушылардың әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін тексеру.
Сабақ барысында қызметкерлердің бастапқы оқиғаны анықтауы мен өртті жоюды ұйымдастырудағы дайындығына ерекше назар аударылды.Жеке құрам алдына қойылған міндеттерді өз деңгейінде орындады.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









