Қызмет алушылардың назарына

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің тапсырмасына сәйкес алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі бойынша өтінім беру туралы келесіні хабарлайды.

    Аталған тапсырмада өтінімдер электрондық түрде Migration.enbek.kz порталы арқылы беруі көзделген. Жұмыс берушілердің өтінім беруіне және жергілікті атқарушы органдардың «Шетелдік жұмыс күші» АЦЖ арқылы алуына мүмкіндік беретін функционал енгізілді.

    Сонымен қатар 2027 жылға арналған квотаны белгілеу және бөлу бөлігінде іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің электрондық өтінімдері негізінде өңірлердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі туралы мәліметтер қалыптастырылуы қажет. 2027 жылға арналған квотаны қалыптастыру кезінде 2026 жылғы 1 қазанға дейін өтінімдерін ұсынған барлық жұмыс берушінің 2026 жылдың 15 желтоқсанына дейін өтінімдерін migration.enbek.kz порталы арқылы қайта беруін қамтамасыз ету тапсырылған.

    Министрліктің әрбір өңірдің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін толық көлемде ескеруі үшін барлық жұмыс берушіден өтінімдердің түсуі қажет. Өтінімдер толық түспеген жағдайда порталдағы мәліметтер өңірдің нақты қажеттілігін көрсетпейді.

    Осыған орай, жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін барлық жұмыс берушілер өтінімдерді электрондық түрде жолдауы қажет.

    Сұрақтар үшін:

    «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» Мемлекеттік мекемесі

    Мекен-жайы:24 ш/а 15 ғимарат

    Тел: 20-09-36

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары