Горганда екіжақты жүк тасымалын дамыту жолдары талқыланды

    1 / 2

    Қазақстан мен Иран арасында автокөлікпен жүк тасымалының өсіру мәселелері Горган қаласындағы Бас консул Е.АхметовтіңГүлстан облысының Халықаралық жүкті тасымалдайтын компаниялары бірлестігінің басшысы Халил Алджалилмен кездесуінде пысықталды.

    Басқосу барысындаирандық тарап Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен соңғы жылдары жүргізілген саяси-экономикалық реформалар, биылғы Жолдауында аталған басымдықтар мен Тәуелсіздіктің 35 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктермен таныстырылды. Оған қоса, Қазақстан Үкіметі инвесторлар мен кәсіпкерлерге беретін жеңілдіктері мен көрсететін қолдауы, көлік-логистика саласындағы ірі жобалар туралы хабардар етілді. Осы орайда, жергілікті жүк тасымалдаушылар Қазақстанның көлік-логистика саласындағы маңызды жобаларына қатысу мен мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. Сонымен бірге, Иранға жүк алып келетін Қазақстанның жүргізушілері түрлі қиындыққа тап болатыны және олардың алдын алу осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетініне назар аударылды.

    Х.Алджалил Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда көлік-логистика саласы ерекше орын алатынын және оған кедергі жасайтын мәселелерді жедел шешу қажеттігін қуаттады. Қазақстанның батыс өңірлеріне Ираннан жүк таситын автокөліктер негізіненГүлстан облысының Халықаралық жүкті тасымалы компанияларына тиесілі болғандықтан,осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау үшін Қазақстанның жауапты мекемелерімен байланыс орнатуға қызығушылық танытты.

    Отырыс аясында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін жұмыстарды ілгерілетуге және бұл мақсатта тығыз әрекеттестік жасауға уағдаласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Горган (Иран) қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары