Қазақстан Республикасының Бас консулы Е.Ахметов Иранның Хорасан Разави облысы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Мохаммадреза Тавакколизаде және басқа жауапты тұлғаларымен кездесу жасады.
Басқосу барысында сауда-экономика мен көлік-логистика салаларында екіжақты өңірлерінің ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Оған қоса, ирандықтар Қазақстандағы маңызды оқиғалармен, оның ішінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық реформалар, биылғы Жолдауында аталған басымдықтар, Тәуелсіздіктің 35 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктер және инвесторларға жасалатын қолдаулар мен берілетін жеңілдіктер туралы хабардар етілді. Осы орайда, Хорасан Разави облысының іскер топтары Қазақстанның өндіріс, құрылыс, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларындағы жобаларға қатысу ұсынылды.
М.Тавакколизаде Қазақстанның экономикалық даму барысы жақсы екенін және оның аясындағы тиімді жобаларға ирандық инвесторлар қатысуға қызығушылық танытатынын атап өтті. Сонымен бірге, Хорасан Разави облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастық жасауға мүдделі екенін және осы мақсатта өзара сапарлармен алмасуға ниеттілігін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







