КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 7

    КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Аудан әкімінің орынбасары Берік Дауловтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
    Отырыс барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ бала тәрбиесі мен әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекеме өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, туындаған проблемалар жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар білдірді.
    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарғалы ауданы әкімдігі" жаңалықтары