1 / 4
«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында Абай облысының мектептерінде танымдық диктант өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға оттың адам өміріндегі пайдасы мен оның ықтимал қауіптілігі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар өрттің шығу себептері, оның алдын алу жолдары және өрт кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
Диктант барысында балалардың өрт қауіпсіздігі туралы білімдерін бекітуге, жауапкершілігін арттыруға және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









