ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҮШ ТІЛДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы аясында «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Алматыкітап» баспасынан жарық көрген басылымның авторы – тарихшы, зерттеуші Саттар Мәжитов. Кітап үш тілде жарық көрген.

    Іс-шараға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, басылымның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы маңызына тоқталды.

    Кітап «Алматыкітап» баспасының төрағасы Элеонора Баталованың бастамасымен жарық көрген. Төрт жыл бойы дайындалған басылымға Түркістан тарихына қатысты сирек фотосуреттер, архивтік құжаттар, тарихи материалдар мен көпшілікке беймәлім деректер енгізілген.

    Кітап бұған дейін Бейжің, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларында өткен халықаралық кітап көрмелерінде, сондай-ақ Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алтын Орда тарихына арналған конференцияда таныстырылған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары