Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасы мен өңірдің өзге де су айдындарында күн сайын патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. Құтқарушылар су қоймасының жағалауын квадроциклдермен, ал су бетін катерлермен аралап, қауіпсіздікті қадағалайды.Балық аулау маусымы басталғалы 176-дан астам рейд пен патрульдеу жұмысы жүргізілді. Су айдындарының қауіпті учаскелері мен балықшылар жиі баратын орындарға ерекше көңіл бөлінуде.Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сақтық шараларын еске салады және ақпараттық жадынамалар таратады.
Түсіндіру жұмыстары аңшылық пен балық аулауға арналған құрал-жабдықтар сатылатын дүкендерде, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беретін орындарда да жүргізілуде. Сонымен қатар облыс мектептерінде оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша ашық сабақтар өткізілуде.Балық аулауға шықпас бұрын ауа райы болжамымен танысып, жүзу құралдарының жарамдылығын тексеру қажет. Қайықпен балық аулау кезінде құтқару кеудешесін міндетті түрде киіп, ұялы телефонның толық қуатталғанына көз жеткізген жөн. Сондай-ақ жақындарыңызға қайда баратыныңызды және қашан оралатыныңызды алдын ала хабарлауды ұмытпаңыз.
Алматы облысы ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауқажеттілігін ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









