Астанада Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

    1 / 7

    Астанада мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

    Отырысқа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров пен еліміздің барлық өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.

    Жиында орталықтардың жұмысын жаңарту және жастармен жұмыс барысында жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері қарастырылды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеулердің нәтижелері талқыланды.

    Қайрат Қамбаров өңір жастарының ұсыныстарын жинау әрі жүйелеу қажет екенін атап өтті. Бұл ұсыныстар Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескеріледі. Сонымен қатар жұмыс істемейтін және білім алмайтын жастардың (NEET) үлесін азайту, құмар ойынға тәуелділіктің, вандализм мен нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту міндеттері белгіленді.

    Отырыста бір реттік іс-шаралардан жастардың нақты қажеттіліктеріне сай жүйелі жұмысқа көшу керек екені баса айтылды.

    Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, орталықтар қызметінің сапасы, жастармен кері байланыс және атқарылған жұмысты нақты нәтижесіне қарай бағалау мәселелері де сөз болды.

    Қостанай және Жамбыл облыстарындағы жастар ресурстық орталықтарының басшылары 2026 жылғы жұмыс қорытындысын таныстырып, өңірлердегі тәжірибені ортаға салды.

    Отырыс қорытындысында жастар ресурстық орталықтарының 2027 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары