Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Бірлік» би ансамблінің «Бірлік әуені» атты концерті ұйымдастырылды.
Бағдарламаға қазақ, орыс, грузин, татар, өзбек, қытай, тәжік, корей және түрікмен халықтарының ән мен би өнерінің озық үлгілері енген.
Көпшілікке әр халықтың би өнеріне тән ерекшеліктерді көрсететін «Аманат», «Көктем лебі», «Ат шабыс», «Анцух», «Джейрани», «Ак Идель», «Дучава», «Чилваи Хиромон», «Эй, дарагым, батлан» және «Elegi» хореографиялық қойылымдары ұсынылды.
Кеште әнші Нұрболат Арзамасұлы, күйшілер Ардақ Елеусіз, Тоғжан Үмбет пен Бауыржан Бекмұханбет, қобызшылар Ақерке Тәжібаева мен Мақсат Медеубек, бірнеше аспапта ойнайтын музыкант Жанту Дадабаев, аккордеоншы Равиль Отарбаев, «Zazan» лезгинка мектебінің өкілдері және «Joshy» тобы өнер көрсетті.
Бағдарламаның музыкалық бөлімінде «Кербез сұлу», «Татарские напевы», «Аққу» және «Белес» шығармалары орындалды.
«Бірлік әуені» концерті әр халықтың ән-күйі мен би өнерінің өзіндік сипатын ашып, түрлі мәдениеттің бір сахнадағы үндестігін көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









