2026 жылғы 12 қарашада Бұланды ауданының әкімдігінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсімдердің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит барысында анықталған жиі кездесетін бұзушылықтар болды.
Дөңгелек үстел жұмысына аудиторлық топқа жетекшілік еткен Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы, сондай-ақ Бұланды ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшылары мен бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ бюджетті атқару барысында жиі кездесетін қателіктер мен бұзушылықтар болды. Қатысушылар бюджет заңнамасының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнама талаптарының сақталмауына қатысты жиі кездесетін жағдайларды талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер, оның ішінде күші жойылған және олардың орнына қолданысқа енгізілген жаңа заңнамалық актілер туралы ақпарат берілді.
Жоспарлау сапасын арттыру, бюджеттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік аудитор дөңгелек үстел барысында қойылған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты түсініктеме берді.
Осындай кездесулер қаржы-бюджет тәртібін нығайтуға, сондай-ақ бюджет қаражаты мен активтерді тиімді және нысаналы пайдалану үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





