Ақысыз медициналық тексеру: прокуратура 700 теміржолшыға өтемақы төлетті

    Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасы теміржол күзетінің 700-ден астам қызметкерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

    «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Қарағанды филиалының қызметкерлеріне ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту уақыты үшін еңбекақы төленбегені анықталды.

    Прокуратураның араласуынан кейін наразылық қанағаттандырылып, кәсіпорынның ішкі (жергілікті) актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

    Нәтижесінде жұмысшыларға бұрын төленбей келген медициналық тексеру уақыты үшін 5 млн теңгеден астам қаражат төленді.

    Бас көлік прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бас көлік прокуратурасы" жаңалықтары