2026 жылғы 26 қарашада Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде мобильді аударымдарды бақылау тәртібіне енгізілген өзгерістер тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадияр Ахметша баяндама жасап, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, спикер:
Жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына қатысты бақылау тәртібін;
Жеке кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды;
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүргізілетін бақылау және түсіндіру жұмыстарын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, облыс кәсіпкерлеріне үндеу жасап, өз қызметін ашық әрі заң аясында жүргізуге, жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы ақша ағындарын араластырмауға, төлемдерді белгіленген тәртіппен қабылдауға және салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды.
Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, мобильді аударымдарға қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер ұсынылды.
Мемлекеттік кірістер органдары азаматтар мен кәсіпкерлер арасында салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру және салықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








