ЧЕК ТАЛАП ЕТ – ҰТЫСҚА ҚАТЫС!

    Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 10 қарашадан бастап Business Go цифрлық платформасының Amian сервисінде «Автомобильдер мен бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны» республикалық акциясы басталғанын хабарлайды.

    Аталған акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылуда.

    Акцияның негізгі мақсаты:

    * Кассалық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру;
    * Азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру;
    * Тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауына ықпал ету;
    * Кәсіпкерлерді бизнесті дамытуға арналған цифрлық құралдарды пайдалануға ынталандыру.

    Акцияға қалай қатысуға болады?

    Ол үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет:

    Amian мобильді қосымшасына тіркеліп, тексеруден өту.

    Акцияға қатысатын кәсіпкерден кемінде 1 000 теңгеге сауда жасау (қатысушы кәсіпкерлердің тізімі қосымшада көрсетілген).

    Сатып алғаннан кейін 24 сағат ішінде фискалдық чектің QR-кодын сканерлеу.

    Ұтыс ойынының шарттары:

    * Әрбір тіркелген және тексерілген чек ұтысқа қатысудың бір мүмкіндігін береді;
    * Бір күнде үш чекке дейін тіркеуге болады;
    * Акцияға қатысу тегін;
    * Әр кезеңде екі жеңімпаз анықталады: бір сатып алушы және бір кәсіпкер.

    Кәсіпкерлер Business Go платформасындағы Amian Business сервисіне қосылу арқылы акцияға қатысып, сатып алушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар, кэшбэк және бонустар түріндегі арнайы ұсыныстарын ұсына алады.

    Акцияның өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 10 қарашадан 2027 жылғы 30 сәуірге дейін.

    Ұтыс ойыны жалпы алты кезең бойынша өткізіледі.

    Акция туралы толық ақпарат алу, қатысушы кәсіпкерлердің тізімімен танысу және туындаған сұрақтар бойынша:

    https://business.amianapp.kz/live/7?lang=ru

    1432 (қоңырау шалу тегін).

    Ескерту: акция талаптарына сәйкес келетін чектің QR-кодын сканерлеген кезде Amian мобильді қосымшасында чектің ұтыс ойынына тіркелгенін растайтын хабарлама пайда болады.

    Фискалдық чекті талап етіңіз! Сатып алуыңызды тіркеп, бағалы сыйлықтардың иегері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары