Аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлының төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде Ақсуат ауданы бойынша мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Амангелді Қыдырмолдин баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне талқыланған мәселелерді бақылауда ұстап, белгіленген көрсеткіштерді уақтылы әрі сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






