Қала дамуына үлес қосып жүрген белсенді, талантты, еңбекқор және бастамашыл жастарды анықтау мақсатында «Жыл таңдауы – 2026» байқауы өтетінін хабарлаймыз.
Бұл – өз еңбегіңіз бен жетістіктеріңізді көпшілікке танытып, қоғамға қосқан үлесіңізді көрсетуге және жыл үздігі атануға тамаша мүмкіндік!
✅Байқау 7 номинация бойынша өткізіледі:
• «Үздік ерікті»;
• «Адал азамат»;
• «Үздік жастар ұйымы»;
• «Үздік көшбасшы»;
• «Үздік жас қаһарманы»;
• «Үздік жас еңбек адамы»;
• «Үздік жас отбасы».
Байқауға кімдер қатыса алады?
Семей қаласының аумағында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.
📂 Қажетті құжаттар:
• Өмірбаян (қысқаша жеке мәліметтер мен жетістіктер);
• Қолдаухат (ұйымнан немесе жетекшіден);
• Үміткердің еңбегі мен жетістіктерін растайтын материалдар (шығармашылық жұмыстар, жобалар, марапаттар, БАҚ-тағы жарияланымдар, фотосуреттер, бейнематериалдар және т.б.).
Барлық материалдар портфолио түрінде ұсынылуы қажет.
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін.
Құжаттар Семей қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 159 мекенжайында орналасқан «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде қабылданады.
📞 Анықтама телефоны: +7 747 135 23 17
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Жетістігіңізбен бөлісіп, өзгелерге үлгі болыңыз!
📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz
#СемейҚаласыныңӘкімдігі132edited 12:16
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








