№67 МЕКЕМЕСІНДЕ «ҚАҚПА АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

    1 / 2

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматпен «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Аталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған. Сот қаулысына сәйкес жазасының өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын өтеуден босатылып, мекеме аумағынан шығарылды.

    Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметінің, Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының және Мансап орталығының өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында босатылған азаматқа тұрғылықты жері бойынша есепке тұру тәртібі, заңнама талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамға бейімделу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Пробация қызметінің өкілдері әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету тәртібімен таныстырса, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Ал Мансап орталығының мамандары азаматты жұмыспен қамту, бос жұмыс орындары және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

    Сонымен қатар, іс-шара аясында босатылған азаматты есірткіге қарсы волонтерлік қызметке тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Оған есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Нәтижесінде азамат есірткіге қарсы волонтерлік қызметке өз еркімен қатысуға ниет білдірді.

    «Қақпа алдындағы кездесу» – жазасын өтеп шыққан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, жұмыспен қамтылуына және құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталған маңызды профилактикалық шара.

    №67 мекемесінде сотталғандарды босатылғаннан кейінгі өмірге дайындау, олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

    Заңға құрмет – қоғамға жауапкершілік! Есірткісіз болашақ – баршамыздың ортақ мақсатымыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары