КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

    КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
    Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен «Сақшы» интерактивті ойыны мен әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
    Байқау қорытындысы бойынша Кентау қаласы Политехникалық колледжінің студенті Ахметбек Алихан «Қаржылық мониторинг» бағыты бойынша ІІІ орынды иеленіп, жүлдегер атанды.
    Жас қатысушының жетекшісі – Кентау қаласындағы «Достық үйі» КММ маманы Мыңбай Бақыт.
    Аталған жоба жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
    Бұл жетістік – жас буынның ізденісі мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ жетекшісінің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
    теля.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары