Алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

    1 / 4

    2026 жылғы 19 қарашада «Достар» МҮ алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

    Іс-шара борышкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және олардың алименттік міндеттемелер бойынша қалыптасқан берешектерін өтеуге көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

    Жәрмеңкеге «Ақмола облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Көкшетау қаласының Мансап орталығы» филиалының, Әділет департаментінің, Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарын ұсынған кәсіпорындар қатысты.

    Жәрмеңке қорытындысы бойынша бірқатар борышкерлер одан әрі сұхбаттасудан өту және жұмысқа орналасу мақсатында шақырту алды.

    Ақмола облысы

    Әділет департаментінің

    баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Департамент юстиции Акмолинской области" жаңалықтары