Талдықорғанда BMW көлігімен дрифт жасаған 24 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды.
Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында BMW автокөлігі жүргізушісінің қауіпті маневрлер жасағанын анықтады.
Жүргізуші қала көшесінде дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.
Полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Апаттық жағдай туғызғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда дрифт жасау және басқа да қауіпті маневрлер жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.
“Заң мен тәртіп” қағидаты баршаға ортақ. Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









