Ақтөбеде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

    24–27 қараша аралығында Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

    Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен 550-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер сегіз, әйелдер жеті салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атағы үшін белдеседі.

    Ақтөбе облысының атынан 41 балуан бақ сынайды. Өңір құрамасына 28 ер және 13 әйел спортшы енген. Құраманың жаттықтырушысы – Мейрамбек Әбішов.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары