Кезекті кадет сыныбы «Жас сақшы – ел қорғаны, Адал азамат – ұлт мақтанышы!» ұранымен Ақтөбе қаласындағы №27 мектеп-лицейде ашылды. Жоба Ақтөбе облысының Полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Салтанатты рәсімде оқушылар ант қабылдап, кадет куәліктерін алды.
Кадет сыныбында оқушылар әскери-қолданбалы дайындық негіздерін меңгеріп, тәртіпке, заңға құрметпен қарауға, жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиеленеді.
Ашылу рәсімі аясында оқушылардың қатысуымен патриоттық концерт, таэквондодан көрсетілім және әскери-қолданбалы дайындық элементтері ұсынылды.
Кадет сыныптарын ашу – жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, құқықтық мәдениеті мен ел алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстардың бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









