Алматы қаласындағы ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында азаптаудың алдын алу мәселелері бойынша анонимді сауалнама жүргізілді
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі Бірлескен жоспарды іске асыру аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ-дың үш мекемесінде сотталғандар арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуы туралы пікірлерін зерделеу, азаптау, қатыгез және адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас фактілерін анықтау, сондай-ақ ұстау жағдайларына баға беру.
Сонымен қатар, сапар барысында № 11 мекеменің қызметімен танысу жұмыстары жүргізіліп, мекеме аумағы мен үй-жайларына аралау жүзеге асырылды. Аралау барысында сотталғандарды ұстау жағдайларына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыстар адам құқықтарының сақталу кепілдіктерін нығайтуға, азаптаудың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты кез келген рұқсат етілмеген қарым-қатынас түрлеріне жол бермеуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









