Жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    Жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке құрам арасында қызметтік тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қолданыстағы заңнама талаптарын орындау, сондай-ақ жол қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар қызметтік міндеттерді орындау кезінде жоғары жауапкершілік таныту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік және қызметтен тыс уақытта заңдылық пен тәртіп талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау және белгіленген тәртіп нормаларын сақтау жөнінде тиісті түсіндірулер мен ұсынымдар берілді.

    Тәртіпті, заңдылықты және әдеп нормаларын сақтау – адал әрі тиімді қызметтің кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары