«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    БАҚ-пен байланыс: [email protected]

    Ресми сайт: www.enpf.kz

    Facebook, Instagram: enpf.kz

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақыжинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп,таңдаумол

    «БЖЗҚ» АҚ«Ашықесіккүніне»шақырады

    2026жылғы2желтоқсанда«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)баршаниетбілдірушілерді«Ашықесіккүні»дәстүрліонлайн-кездесуінешақырады. «Зейнетақыжинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп,таңдаумол»тақырыбындағыкездесудеҚормамандарызейнетақызаңнамасындағыөзектіөзгерістер,сондай-ақзейнетақыжинақтарынбасқаружәнепайдаланумүмкіндіктерітуралыжан-жақтыақпаратбереді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.

    Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

    Кездесу барысында сіздер:

    • зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
    • салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;
    • басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;
    • басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;
    • зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
    • зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
    • тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.

    Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңес ала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.

    Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Биылғы 9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

    Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.

    Іс-шарағақатысуүшіналдыналатіркелуқажет.

    Event-совещание/

    Event- жиналыс/

    Event meeting:

    Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/

    «Ашық есік күнінің»

    Адрес совещания для регистрации/

    Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:

    https://enpf.webex.com/weblink/register/r550967c4fe0c2e4575a8e417947aeb27

    https://enpf.webex.com/weblink/register/r49a8c1718bd79b0eb43dec8c7fe5c9f3

    https://enpf.webex.com/weblink/register/r6370429fbc484ad30dc51a6b0442650c

    Ссылка для присоединения/

    Қосылу сілтемесі/ Link to join:

    https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m62783c33c3e4fc0594e8ab78bfbd1860

    https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m2b02dd04e3875bd440bbb8dcf0df6d6b

    https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m82010e8af2191c0aadcb9163273d72aa

    Дата и время/

    Күні мен уақыты/Date and time:

    9:30 - 11:00 среда, 2 декабря 2026 г. (UTC+06:00) Астана

    11:00 - 13: 00 сәрсенбі, 2 желтоқсан 2026 г. (UTC+06:00) Астана

    14:00 - 16:00 среда, 2 декабря 2026 г. (UTC+06:00) Астана

    Номер event-совещания/

    Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:

    2514 944 7452

    2518 752 3728

    2513 707 4831

    Пароль event-совещания/

    Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:

    453645

    458798

    4352376

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шемонаиха ауданының әкімдігі" жаңалықтары