Шемонаиха ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан Шемонаиха ауданы 1928 жылы құрылды. 4 мың км аумақты алып жатыр, халық саны - 48,2 адамды құрайды. Ауданда 11 әкімшілік- аймақтық бірлік, оның ішінде 8 – ауылдық округтер, 2 кент және 1 қала округтері бар. Аудан өміріндегі мағыналы және қызығы көп оқиғалар сайт беттерінде жарық көреді. Сайт арқылы біз білуге құмар адамдарға ауданның даму тарихын, көз тартарлықтай ескерткіштерін, оның бүгінгі өмірі жөнінде білімдерін кеңейту мүмкіндігін ұсынамыз. Мұнда сіздер атқарушы билік ұйымдарының әрекеттерін, мемлекеттік мекеменің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардын ресми кездесулері, жұмыс іссапарлары туралы ақпаратпен таныса аласыздар. Біздің сайт, Интернет – қолданушылар мен атқарушы билік ұйымдарының арасында ақпарат алмасудың тиімді тәсілі болатынына, Шемонаиха ауданы және жалпы Шығыс Қазақстан облысы жөніндегі танымдарын кеңейте түсуге жағдай жасайтынына сенімдімін.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан «электрондық үкімет» порталы арқылы Интернет желісіне қолжетімділігі болған кезде www.egov.kz Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады. Қызметті онлайн алу үшін («электрондық лицензиялау» порталында) WWWe.license.kz) авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет, берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте Менің өтініштерім бөлімінде қадағалауға болады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесін, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда ұсынады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні; Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.

    Жауап

    Шемонаиха ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепке тұру үшін сізге электрондық үкімет Веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. www.egov.kz) (электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)). Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріп, «SHANYRAQ» платформасына сілтеме бойынша өтіңіз, қажетті жолдарды толтырыңыз, мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіңіз.

    Ақпарат

    2026 жылғы орындалуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылғы орындалуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2024 жылғы орындалуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркелу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Жарияланды: