🏆 МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ‼️

    1 / 3

    🏆 МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ‼️

    Ағымдағы жылдың 19–20 қараша күндері Астана қаласында 2011–2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресінен «BALA MUQAN» республикалық турнирі өтті. Аталған дүбірлі додада Мойынты кентінің жас балуандары бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

    🥇 Көкрекбай Нұрасыл – 80 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленіп, республикалық турнирдің чемпионы атанды!

    🥈 Мадикан Бақдәулет – 80 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды!

    🥉 Жаманқұл Айтөре – +80 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, қола жүлдені қанжығасына байлады!

    Жас спортшылардың осындай жетістікке жетуіне зор үлес қосқан бапкері Тлеухор Нұржанға ерекше алғыс білдіреміз!

    Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, жігер мен қайсарлықтың жемісі. Жас балуандарымыздың жеңісті жолы жалғасып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектеспіз!

    Жеңістеріңіз құтты болсын, жас чемпиондар! Мойынтының мерейін үстем ете беріңіздер! 🇰🇿👏

    #Мақтаныштарымыз #ҚазақКүресі #BalaMuqan #Мойынты #ЖасЧемпиондар #ЖеңісҚұттыБолсын

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты қенті әкімінің аппараты" жаңалықтары