«ҚЫС – 2026» ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

    2026 жылғы 24-25 қараша күндері Шымкент қаласында «Қыс – 2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмысты жүргізуге әзірлігін тексеру, күштер мен құралдардың дайындығын пысықтау және өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру.

    Іс-шара аясында қала аумағында азаматтық қорғау қызметтерінің арнайы автокөліктеріндегі дыбыстық және жарықтық дабыл беру құрылғылары (сиреналар мен арнайы сигналдар) іске қосылады.

    Осыған байланысты қала тұрғындарынан оқу-жаттығу барысында естілетін сирена дыбыстарына алаңдамауды және сабыр сақтауды сұраймыз. Аталған іс-шара жоспарлы оқу-жаттығу сипатында өткізіледі және нақты төтенше жағдайдың орын алғанын білдірмейді.

    Тұрғындарды ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сүйенуге, жалған ақпарат таратпауға және оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары