2026 жылғы 20 қараша, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 43-ші Төтенше сессиясы аясында ИКАО Кеңесіндегі қосымша 4 орынға сайлау өтті.
Қазақстан ИКАО Кеңесіне алғаш рет өз кандидатурасын ұсынып, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан 158 мемлекеттің 78 даусын жинап, бесінші орынға ие болды.
ИКАО Кеңесінің құрамына Эфиопия (133 дауыс), Түркия (133 дауыс), Оман (125 дауыс) және Индонезия (110 дауыс) сайланды.
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50-бабының а) тармағына түзету енгізу туралы хаттама 2026 жылғы 12 маусымда күшіне енгеннен кейін ИКАО Кеңесіндегі мемлекеттер саны 40-қа дейін ұлғайды.
Жаңартылған құрамдағы Кеңес 2028 жылы ИКАО Ассамблеясының 44-ші сессиясында өтетін келесі сайлауға дейін өз қызметін атқарады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









