СҚО-да мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер саны мыңнан асты

    Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйінде көлік басқару дерегін анықтады.

    20 қараша күні сағат 01:30 шамасында Назарбаев көшесінде полицейлер Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатты. Рөлде Солтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тұрғыны болған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

    Полиция тиісті шаралар қабылдады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

    Жыл басынан бері СҚО полицейлері мас күйінде көлік басқарудың 1045 дерегін анықтады.

    Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей қолданылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары