Қарағандылық әйелдер 24, 25 және 26 қараша күндері гинеколог дәрігердің қабылдауынан тегін өте алады. Қабылдау сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін жүргізіледі.
Алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Кеңес беретін дәрігерлер – Ирина Григорьевна Петрова мен Зайра Мыңбаевна Едрисова.
Мекенжайы: Щорс көшесі, 53, «РАГЦ» ЖШС.
Жақын аялдама: Майқұдық мәдениет үйі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









