Жамбылда жол ережесін бұзған жүргізушілер дрон арқылы анықталды
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылауда дрон қолдануда. Оның көмегімен жол ережесін бұзған жүргізушілер әуеден анықталып жатыр.
Кезекті рейд барысында көлік басқару құқығы жоқ, қауіпсіздік белдігін тақпаған және рөлде отырып ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер тіркелді.
Құқық бұзушыларға қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданып, көліктері айып тұрағына қойылды.
Дрон арқылы жүргізілетін бақылау жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттерін қауіпсіз қашықтықтан бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және жолдағы тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.
Полиция мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









