БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

    Алматы қаласында еліміздің өңірлерінен келген фермерлер мен тауар өндірушілердің ет өнімдерін сатуға арналған «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді.

    2026 жылғы 21–22 қарашада Алматы қаласында Шевченко көшесінің Пушкин және Қонаев көшелерінің арасындағы бөлігінде Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Абай облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ет өнімдерінің тақырыптық жәрмеңкесі өтеді.

    Жәрмеңкеде 100 тоннадан астам ет өнімі, сондай-ақ 50 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады. Оның ішінде көкөністер, сүт және балық өнімдері, шұжық өнімдері мен бал бар.

    Жәрмеңке Алматы тұрғындарына еліміздің өңірлерінде өндірілген табиғи әрі сапалы өнімдерді нарықтағы орташа бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

    Іс-шара қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушілерден тұтынушыларға тікелей жеткізу жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар аясында ұйымдастырылады.

    Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Барша қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" жаңалықтары