Спорт – достық пен бірліктің кепілі!

    1 / 3

    2026 жылғы 20 қарашада пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыс аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері арасында волейболдан жарыс өткізілді.
    Іс-шара командалық рухты дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға, жағымды мотивация қалыптастыруға, сондай-ақ қатысушыларды белсенді әрі салауатты өмір салтына баулуға бағытталды.
    Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
    Осындай іс-шараларды өткізу пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді, олардың әлеуетін ашуға көмектеседі, оң өзгерістерге деген ұмтылысын қалыптастырады және спорттың әлеуметтендіру мен тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтудың тиімді құралдарының бірі екенін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары