СҚО-да 51 мекемеде сотталған азаматтың некесі қиылды

    1 / 4

    💍 МАХАББАТҚА ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ: СҚО-ДА СОТТАЛҒАН АЗАМАТ МЕКЕМЕ ҚАБЫРҒАСЫНДА НЕКЕСІН ҚИДЫ

    Солтүстік Қазақстан облысындағы №51 мекемеде ерекше әрі жүрек тебірентерлік оқиға болды. Жазасын өтеп жатқан 39 жастағы азамат 35 жастағы сүйіктісімен заңды некесін қиды.

    Жұп үш жыл бұрын бостандықта танысқан. Уақыт өте келе араларындағы сезімдері нығайып, өмірлерін заңды некемен байланыстыруға шешім қабылдаған.

    Айта кетейік, азамат мекемеге 2025 жылдың 11 тамызында жеткізілген. Соған қарамастан, өмірлік серігімен отбасын құру туралы шешімінен бас тартпай, некелерін ресми түрде тіркеді.

    Бұл оқиға – адам тағдырына қатысты әрбір сәттің, отбасының қадірі мен жақын жандардың қолдауының маңызын тағы бір мәрте көрсетеді.

    Махаббат пен үмітке мекен де, қашықтық та кедергі емес. ❤️

    Жас жұбайларға отбасылық бақыт, өзара түсіністік пен жарқын болашақ тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары