Қазақ тілі – достық пен бірліктің тілі!

    Құрметті өзге ұлт өкілдері!1 қаңтар 2027 жылдан бастан қазақ тілін үйренуге арналған арнайы курсымызға шақырамыз!Қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеп, күнделікті өмірде сенімді қарым-қатынас жасағыңыз келсе, онда біздің курсымызға қош келдіңіз!

    Курста сіз:Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді;Оқуды және жазуды;Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін үйренесіз.

    Осыған орай, Тілдерді оқыту орталығы Сізге, мемлекеттік тілді білмейтін, не толық меңгермеген қызметкерлеріңізге (өзге ұлт өкілдеріне) қазақ тілі, курсын ақыссыз негізде 5 деңгейде (A1, A2, B1, B2, C1) оқыту қызметін ұсынады.Оқыту курстары екі жақпен келісіліп, бекітілген арнайы сабақ кестесі бойынша Тілдерді оқыту орталығында немесе Сіздің мекемеңізде өтеді.

    Ескерту: Аптасына 3 күн, тіл үйренуші күніне 1 сағат 20 минуттан ұйымдастырылатын сабаққа міндетті түрде қатысуы керек.Деңгейді бітірген тыңдаушыға сертификат беріледі.

    Егерде 10 адамнан асатын болса, оқу Ойтал ауылдық округі әкім аппараты КММ-де өткізілетін болады.

    Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу!Қазақ тілін бірге үйренейік!Қазақша сөйлейік, бірге дамыйық!

    Байланыс телефоны: 8 775 714 14 52Мекенжайы: Мәдениет және тілдерді дамыту орталығы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары