Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде кездесу-жиналысы өткізілді.
Жиынға Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жұманұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Майнаусов және Меркі аудандық полиция бөлімінің ҚҚб ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қ. Шолпанбаев қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен әлімжеттілікке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне қатысты заң талаптары, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Жиналыс барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіпті болу, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
орысша
Басты мақсат – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта құру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







