
Ойтал ауылдық округіндегі №2 музыкалық мектебінде жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін танытуға бағытталған «Жарық жұлдыздар» атты ашық есік күні өтті.
🎼 Іс-шара барысында мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылып, оқушылардың музыкалық бағыттағы жетістіктері мен шығармашылық өнерлері көпшілік назарына ұсынылды.
Жас музыканттар өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашық есік күні балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.




