Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы дуальды оқытуды дамыту аясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап ХАТУ - нің төрт білім беру бағдарламасы бойынша студенттер университеттегі оқуын Басқарма базасында өтетін практикалық даярлықпен ұштастырып келеді. Жобаға «Бизнестегі ақпараттық технологиялар», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Бағдарламалық инженерия» және «Ақпараттық жүйелер» бағыттарының студенттері қатысуда.
Практикалық даярлық барысында студенттер мемлекеттік органның қызметімен танысып, өңірді цифрландыру саласындағы міндеттермен жұмыс істейді және IT-жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Практикалық жұмыс Басқарманың бейінді мамандарының жетекшілігімен жүргізіледі.
Ынтымақтастық жоғары білім беру жүйесі мен мемлекеттік сектор арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған.
Өңір үшін студенттердің цифрландыру жобаларына қатысуы өзекті міндеттерді шешуге жас мамандарды тартуға және болашақ кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта тараптар дуальды оқытуға қатысатын білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейтіп, Басқарма базасында практикалық даярлықтан өтетін студенттер санын арттыруды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









