«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ·20 қараша 2026 ж., 09:40Жаңалықтар мұрағаты1 / 41 / 41234Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат – озық ойлы ұлт» жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттік өзін-өзі басқару құрылымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев қатысып, студенттермен алдағы жұмыс жоспарларын, жастар бастамаларын қолдау және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Ол белсенді жастарды ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, колледждердің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға шақырды. Басқосуда студенттік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, колледждер арасындағы байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, бірлесіп жүзеге асыруға болатын бастамалар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы таныстырылып, сыйға тартылды. Қоғам дамуы, ел болашағы және азаматтық жауапкершілік туралы ойлар тоғысқан бұл еңбек жастарды өз ұстанымын қалыптастыруға, айналасындағы өзгерістерге саналы көзқараспен қарауға үндейді. Бір кітапқа жинақталған пайымдар жас оқырманға ой салып, білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге және ел дамуына қосар үлесі туралы толғануға түрткі болады. Кітап табыстаудағы мақсат - жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, мазмұнды пікір алмасуға жол ашу.ДереккөзӘлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңызҚазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.TikTokInstagramThreadsTelegramWhatsAppYouTubeGoogle
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды21 қараша 2026 ж.Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда21 қараша 2026 ж.Көлік министрлігіАшу
Технологиялық әріптестік: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен IT-хаб ашты21 қараша 2026 ж.Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
Қазақтың киіз үйінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар өтті21 қараша 2026 ж.Қазақстан Республикасының Украинадағы ЕлшілігіАшу
«Елдік жолы: ұлттық тарих және Алаш зиялыларының мұрасы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
Жас ғалымдар қауымдастығының кезекті отырысы өтті20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
«Мәслихат сайлауы және жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында кездесу өтті20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
«Ерлік сабағы»: жастарға арналған әскери-патриоттық тәрбие20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, онда өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды.20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу