«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ·20 қараша 2026 ж., 10:06Жаңалықтар мұрағаты1 / 41 / 41234Кездесуді Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Алшынбай ашты. Ол өз сөзінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Республика күніне орай «Мирас» сериясы бойынша кітап жинағы жарық көргенін атап өтті. Жинаққа ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушылары мен Алаш қайраткерлерінің балаларға арналған оқулықтары, танымдық еңбектері мен аудармалары енген. Кездесуде тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры Амантай Исаұлы Исин ұлттық тарих туралы ой бөлісті. «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қуат Қиықбай «Абай және Алаш идеясы» тақырыбында баяндама жасап, Абай мұрасы мен Алаш зиялыларының идеялары арасындағы сабақтастыққа тоқталды. Филология ғылымдарының кандидаты, PhD, аударма ісі магистрі, халықаралық білім саласындағы көшбасшылық және саясат бойынша магистр Гүлшат Бақытжанқызы Түсіпова «Алаш кезеңіндегі аударма. Шетел әдебиетінің қазақ тіліндегі имиджі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Алаш кезеңіндегі аударма ісі мен шетел әдебиетінің қазақ оқырманына ұсынылуы туралы сөз қозғады. Кездесу сұрақ-жауаппен қорытындыланып, қатысушылар спикерлермен ұлттық тарих пен Алаш зиялыларының мұрасы жөнінде пікір алмасты.ДереккөзӘлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңызҚазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.TikTokInstagramThreadsTelegramWhatsAppYouTubeGoogle
98 ЖАСТА «ЖАҢА ЖҮРЕК»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 45 МИНУТТА ПАЦИЕНТКЕ ЖҮРЕК ҚАҚПАҚШАСЫН АУЫСТЫРДЫ28 қараша 2026 ж.ҚР ДСМАшу
Қазақстан Өзбекстандағы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 43-отырысына қатысты28 қараша 2026 ж.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
ТРАВМАТОЛОГТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КӨКТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТТАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕКТІГІН ЕСКЕРТТІ28 қараша 2026 ж.ҚР ДСМАшу
Қазақстан Орталық Азияда денсаулық пен әл-ауқат мәселелері жөніндегі екінші Жол картасын іске қосуды қолдады28 қараша 2026 ж.ҚР ДСМАшу
Аманғали Бердалин Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті28 қараша 2026 ж.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
«ADAL CODE: жастардың азаматтық таңдауы» облыстық оқыту семинары өтті25 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
Абай облысында жоғары оқу орындарының студенттері мен өкілдері арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.25 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын университет» бағыты аясында Семей қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен әдеби кездесу ұйымдастырылды.25 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
Жас ғалымдар қауымдастығының кезекті отырысы өтті20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
«Мәслихат сайлауы және жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында кездесу өтті20 қараша 2026 ж.Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу