1 / 7
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары және ішкі талдау нәтижелері қаралды.
Отырыс барысында жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтық пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ ішкі бақылау тетіктерін күшейту мәселелері талқыланды.
Қала әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және мүдделер қақтығысының алдын алу бағытында нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары формалды түрде жүргізілмеуі керектігі атап өтіліп, анықталған кемшіліктерді жою мен берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау міндеттелді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









