Қазақстанда электромобильдерді зарядтау станцияларының көрсеткіштері қалай тексеріледі?

    2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда электромобильдерді зарядтау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізілмек. Негізгі мақсат - жүргізушілердің нақты алған электр энергиясы үшін ғана ақы төлеуін қамтамасыз ету.

    Ресми деректерге сәйкес, 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 40 мыңнан астам электромобиль тіркелген. Мұндай көлік санының артуымен қатар зарядтау станцияларының желісі де кеңейіп келеді. Осыған орай көрсеткіштердіңдәлдігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті бола түсуде.

    Бұл мақсатта«ҚазСтандарт» екі ұлттық стандарт әзірледі: айнымалы токпен жұмыс істейтін зарядтау станцияларына арналған СТ РК 2.761-2026 және тұрақты токпен жұмыс істейтін станцияларға арналған СТ РК 2.762-2026. Екі стандарт та 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген.

    Зарядтау станцияларын салыстырып тексеру олар орнатылған жерде, жабдықты бөлшектемей жүргізіледі. Арнайы эталондық жабдықтың көмегімен мамандар станцияның берілген электр энергиясын қаншалықты дәл есептейтінін және оның көрсеткіштерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

    Жаңа талаптар зарядтау станцияларының операторларымен және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен талқыланды. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін орнатылған станцияларға қатысты «ҚазСтандарт» жабдықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы салыстырып тексеру әдістемелерін қолдану мүмкіндігін бағалау жұмыстарын жүргізуде.

    Бірыңғай талаптарды енгізу зарядтау қызметі үшін есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және жүргізушілердің зарядтау инфрақұрылымына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары