Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрамындағы «Salt Sound» фольклорлық ансамблі «Күзгі романс» атты концертін ұсынды.
Кеш бағдарламасында әлем халықтарының танымал лирикалық әндері мен музыкалық шығармалары орындалды. Сондай-ақ «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің әртістері хореографиялық қойылымдар ұсынды.
Концертте «Құрмет» орденінің иегері Өмірқұл Айниязов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мақпал Қазыбекқызы, әншілер Жұма Әбіл, Жеңіс Ермаш, Медет Урумбаев, Әділхан Макин, сондай-ақ халықаралық конкурстардың лауреаттары Әділбек Мақсұт, Жайна Тарғынова, Аружан Данышпан және Асқар Рысбек өнер көрсетті.
Кеште дәстүрлі музыка өнері, заманауи орындау мәнері мен хореография үйлесім тапты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









